ШҚО-да оқшаулау режимін бұзған 13 адам жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өзін өзі оқшаулау режимін бұзған 13 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқшаулану тәртібін елемеген 12 адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған. Оның ішінде Семейден 10 адам болса, Өскемен қаласы мен Аягөз, Глубокое аудандарынан 1 адамнан анықталып отыр.

«Қазіргі уақытта облыс аумағында «Аshyq» жобасына 6103 нысан (ресми қатысушылар – 3802, сынақ режиміндегілер – 2301) қатысуда. Күн сайын мониторингтік топтар әр объектіге карантин режимінің сақталуы бойынша тексеру жүргізуде. Соның нәтижесінде, жобаға қатысып отырған 58 нысанда бұзушылық тіркелген», - делінген хабарламада.

Шектеу шараларын бұзған бизнес өкілдеріне 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар