ШҚО-да «Нұр Отан» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына 43 кандидатты ұсынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Өскемен қаласының 9 сайлау учаскесі бойынша ішкіпартиялық праймериз өткізіп, онда облыстық мәслихат депутаттарына үміткерлер іріктелді.

Демократиялық жолмен алдын ала іріктеуде партияның ең беделді және атақты мүшелері анықталды. Өскемен қаласы бойынша праймеризде 963 сайлаушы қатысып, қорытынды бойынша облыстық мәслихат депутаттығына 9 үміткер таңдалды.

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтың айтуынша, «праймериз - әрбір партия үшін маңызды процедура. Партияның орталық аппараты бекіткен арнайы нұсқаулық бар. Егер округте бірнеше бастапқы партиялық ұйым бар болса, сайлаушылардың квотасы 10-нан 1 болып анықталады, егер жалғыз болса, 50 пайыздан астамы праймеризге қатысуы тиіс».

2 ақпанда «Нұр Отан» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерді іріктеу бойынша праймериздер партияның 18 аймақтық филиалында өткізілді.

Облыстық мәслихатқа сайлау праймеризінің қорытындыларын шығару кезінде «Нұр Отан» партиясынан 43 кандидат өтті.

Соңғы жаңалықтар