ШҚО-да науқастардың азаюына байланысты коронавирус стационарлары жабылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында науқастардың азаюына байланысты кейбір коронавирус стационарлары жабылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырып, стационарларда емделіп жатқан науқастар күн сайын азайып келеді.

«Соңғы тәулікте 1 адам қауіпті дертке шалдыққан. Ал 12 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 63 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстанда 31 стационар жұмыс істеп тұр. Бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, науқастардың азаюына байланысты кейбір стационарлар жабылады деп күтілуде», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 54 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланды.



Соңғы жаңалықтар