ШҚО-да нашар жолға байланысты 100-ден астам адам жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көшелер мен автожолдардың сапасы нашар болуына байланысты жол-коммуналдық органдардың 100-ден астам лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері полицейлер 600-ден астам көше мен автожолды тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы 540 нұсқау жазған.

«Полиция және жол қызметтерінің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы аясында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті және республикалық маңызы бар жолдардың бойында уақытша 21 көшпелі пост құрылған. Полицейлер «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдерімен бірге жүргізушілерге жол ережесін сақтау қажеттігін түсіндіріп, оларға және жолаушыларға да брошюралар мен ескертпелер таратты», - делінген хабарламада.

Жүргізушілердің көпшілігі жол сапасына көңіл бөлуді сұрайды. Облыстағы автожолдардың көпшілігі 70-80 жылдары салынған, көп жерлерде жол сапасына қазіргі көлік ағынына сай емес.


Акция қатысушылары биылғы жол құрылысы маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарды (Алматы - Өскемен, Омбы – Майқапшағай, Таскескен – Бақты, Өскемен - Алтай) жөндеу бойынша ірі жобаларды іске асыру жоспарланғанын айтты. Қазірде олардың кейбірі қолға алынған.

Осы аталған жұмыстар толық бақылауда әрі оларды жақсарту үшін қажетті шаралар қолданылады.

Соңғы жаңалықтар