ШҚО-да мұз үстіндегі қауіпсіздікке байланысты 934 рейд өткізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру үшін 934 рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мұз үстінде қауіпсіздік шараларын бұзушылықтың алдын алуды жалғастыруда. Қыстың басынан бері өңір бойынша 934 рейд өткізіліп, 8839 адам қамтылды.

«Жұртшылыққа мұз үстінде өзін өзі ұстаудың қағидалары түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. 4140 балықшыға нұсқаулық жүргізіліп, оқушыларға 134 интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Облыс аумағына 119 ескерту және тыйым салу белгісі орнатылды», - делінген ақпаратта.

ТЖД мамандарының айтуынша, азаматтардың көпшілігі бейтаныс су қоймаларына барып, балық аулап жатады. Сондықтар қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бері өңірде 3 адам суға кеткен.


Соңғы жаңалықтар