ШҚО-да мұз кептелуі мүмкін учаскелерде жару жұмыстары жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мұз жару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзендерде мұзды ұсақтау шаралары жүргізіліп жатыр.

«Алтай ауданы Тұрғысын ауылындағы Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстарымен 16 308 шаршы метр аумақ қамтылған. Осы мақсатта 1054,5 келі жарылғыш зат қолданылды. Аталған жұмысты жергілікті атқарушы органдар, облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері және мұз кептелісін болдырмау және өзен деңгейін көтеру мақсатында ұзақ уақыт бойы жарылыс жұмыстарымен кәсіби түрде айналысатын мамандандырылған ұйым өкілдері жүргізген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде мұз кептелуі мүмкін 19 учаске анықталған. Бұл аумақтардың жалпы көлемі 181 399,7 шаршы метрді құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар