ШҚО-да мереке күні карантин талаптарын бұзудың 23 фактісі тіркелді
2021 жылғы 9 наурыз 15:22

ШҚО-да мереке күні карантин талаптарын бұзудың 23 фактісі тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз күні карантин талаптарын бұзудың 23 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейдтер жүргізуде.

«Өскеменде 8 наурыз күні 205 нысан тексерілген. Нәтижесінде облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың 8 фактісі тіркелген. Оның ішінде дүкен сатушыларының арасында маска тақпағандар анықталды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Ал Семейде мереке күні 299 объектіге тексеру жүргізілген. Рейдтер барысында сауда үйлерінде, базарларда және қоғамдық көліктерде маска режимін бұзудың 15 фактісі тіркеліп отыр.



Jańalyqtar

MURAǴAT