ШҚО-да мереке күні 18 ұл, 16 қыз бала дүние есігін ашты

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз күні 34 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде өңір бойынша ұл сәбилер жиірек дүниеге келген.

Оның ішінде Өскемен қаласында ұл босанған әйелдер үш есе көп.

«Мереке күні облыста 34 нәрестенің кіндігі кесілді. Оның 18-і - ұл, 16-сы - қыз. Өскеменде бұл күні 12 бала дүниеге келсе, оның 9-ы - ұл, 3-і - қыз. Барлық жаңа туған нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО дәрігерлерінің аттан құлаған ер адамға күрделі ота жасағанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар