ШҚО-да мереке күндері ХҚО қалай жұмыс істейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелерде қалай жұмыс істейтіндігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, келесі айда Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр демалыс күндері. Дүйсенбі, яғни 3 мамырда ХҚО сенбі күні үшін жұмыс істейді, сондықтан бөлімдер 09:00-ден 15:00-ге дейін ашық болады.

Өскемен және Семейдегі ХҚО азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды. Мұны төрт жолмен жасауға болады, атап айтқанда eGov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе 1414 бірыңғай колл-орталығына қоңырау шалу арқылы. Ол үшін «ХҚО-да кезекті брондауды» қызметтер тізімінен таңдап, жеке деректерді толтыру, күнін, уақытын, бөлімін таңдау және тағайындалған уақытқа дейін 5-10 минут бұрын келу қажет. Брондау жасалғаннан кейін телефонға SMS-хабарлама келеді.

«Бүгінгі таңда ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болатын қызметтердің 90%-ы электронды форматқа ауыстырылды. Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз болса, орталыққа келуді алдын ала брондаңыз. Орталыққа барған кезде міндетті түрде әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау қажет», - деді филиал директоры Азамат Есембулов.

Айта кетейік, облыстың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 15:00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар