ШҚО-да мемлекеттік сатып алулар байқауына 17 нысан шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгінде бірыңғай ұйымдастырушы 17 нысан бойынша мемлекеттік сатып алулар байқауын жариялады, олардың арасында білім беру, құрылыс нысандары, автомобиль жолдары бар, деп хабарлады баспасөз конференциясында ШҚО мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Нұрлан Можанов.

Биылғы жылы 48 нысан бойынша электрондық байқау арқылы мемлекеттік сатып алулар амалдарын өткізу жоспарланған.

Оның айтуынша, ведомство жыл сайын облыс бойынша мемлекеттік сатып алулар байқауларының өткізілуін бақылайды. 2015 жылы облыстың қалалары мен аудандары бойынша 509 байқау өткізілген.

Аталған салалардағы нысандардан басқа «Өскемен Водоканал» МКК тапсырыс беруші болып отырған Ново-Троицкое ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіру бойынша 1 нысанға байқау жарияланды, деп хабарлады ШҚО-ның ақпараттық орталығынан.

Соңғы жаңалықтар