ШҚО-да мемлекеттік қызметшіні әлеуметтік желідегі суреті үшін жұмыстан босатты

None
None
ӨСЕКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкеріне әлеуметтік желіге орналастырылып, қоғам өкілдерінің наразылығын тудырған материалдар үшін үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық департаменттің өкілі әлеуметтік желіде орналастырған суреттің мән-мағынасына қатысты ештеңе айтқан жоқ.

«Мемлекеттік қызметші Т. қоғам өкілдерінің наразылығын тудырған суреттерді жариялады»,-деді Әділет департаменті жетекшісінің орынбасары Бейсембек әл Сейіт Әдеп жөніндегі кеңес мәжілісінде.

Қызметтік тексеру жүргізуге жеке тұлғаның ШҚО Әділет департаментінің сайтына жолдаған шағымы себеп болған. Қызметтік этиканы сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге үкім шығарылды.

«Әділет департаментінің тағы бір қызметкері қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапқа тартылды»,-деді ол.

Бейсембек әл Сейіт ведомство жұмысының қорытындысы туралы айта келе мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзу әрекеттеріне назар аударды. Өткен жылы департаменттің екі қызметкері қызметтен тыс уақытта бейәдеп жүрістері үшін жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар