ШҚО-да мемлекетке 525 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда қылмыстық топтың кесірінен мемлекетке 526 млн теңге зиян келген. Бұл жөнінде Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «STOP обнал» жедел-профилактикалық шарасы аясында іс жүзінде жұмыс атқармай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Ұйымдасқан топтың басшысы 2017-2019 жылдар аралығында бірнеше кәсіпорын құрып, ШҚО аумағында өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырған.

Жалған кәсіпорындардың қызметі салдарынан мемлекетке 525 млн теңге көлемінде залал келген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 262-бабының 1-бөлімі және 216-баптың 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар