ШҚО-да мектеп түлектерінің шетелге кетуі 5 есеге азайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мектеп түлектерінің шетелдік университеттерге кетуі 5 есеге азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов білім саласына қатысты жиналыс өткізді. Онда соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Білікті маман» жобасы талқыланды.

«Қосымша факультеттердің ашылуы, ЖОО мен колледждердің техникалық жабдықталуы, құзыреттілік орталықтарының ашылуы мектеп түлектерінің көрші мемлекеттерге кетуін бес есе азайтуға мүмкіндік берді. 2017 жылы оқуға түскен студенттер былтыр оқуларын тәмамдады. Бүгінде олардың барлығы таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, «ЖОО-студент-жұмыс беруші» үшжақты келісім аясында жастар өңірдің ірі компанияларында жұмыс істеуде. Сондай-ақ ауылдарға еңбек етуге кеткендері де аз емес.

«Қазіргі таңда облыста зоотехниктердің, ветеринарлардың, дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады. Осы мәселені ескере отырып, аталған мамандықтар бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдадық. Нәтижесінде маман тапшылығы азайып, түлектер бірден жұмысқа орналасады. Бұдан бөлек, әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылады», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар