ШҚО-да мектеп оқушысы ағаш қалдықтарынан құрылыс материалын дайындайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің жоғары сынып оқушысы Диас Бекешовтың «Арболиті» «Химик-зерттеуші» деген атаумен өткен үздік ғылыми жобалар республикалық байқауында 3-ші орынды жеңіп алды. Ерекше дарын иесі өзінің зерттеу жұмыстары барысында өндіріп, жетілдірілген арболитімен (құрылыс материалы) конкурсқа қатысқан болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Назарбаев зияткерлік мектептерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа құрылыс материалының оған ұқсас материалдардан айырмашылығы - ол арзандау әрі жылуды жақсы ұстайды және экологиялық жағынан таза және ұзаққа шыдайды.

«Арболит» - шектелген толықтырғышы бар жеңіл бетон. Оны жеке тұрғын үйлерді салу кезінде пайдаланған тиімді. Мен оның өндірісін мүмкіндігінше арзан әрі жеңіл етуге тырыстым»,-деді өнертапқыш.

  

«Бір ай уақытым қажетті әдебиеттерді меңгеруге және материалды дайындап, оны алуға кетті. Шығыс Қазақстанда өсетін ағаш түрлерінің арасынан таңдай келе қылқанжапырақты ағаштардан жасаған дұрыс деген байламға келдім».

Ғылыми жетекшілері ШҚО ТУ доценті, педагогика ғылымдардың кандидаты Бәтима Тантыбаевамен және химия пәнінің ұстазы Гүлжанар Күдербаевамен бірге арболитті дайындау барысында бұрын зауытта қолданылып келген кальций хлоридінің орнына арзан меди сульфатын пайдалану қажет деген шешім қабылданған. Бұдан соң өндірілген арболитті жеке үй құрылысы барысында сынап көрген.

   

«Сынау үшін салынған үй енді ғалымдардың назарында болады. Материалдың сапасын биылғы қыста тексеріп көруге болады. Әділқазылар алқасының мүшелері ғылыми жобаны жоғары бағалады және ол республикалық байқауда үшінші орынға лайықты деп таапты.

Айта кетейік, Астанада өткен жас химиктердің республикалық байқауында Қазақстандағы мектеп оқушыларының жұмыстарының арасынан таңдап алынған ең үздік деген туындылар қатыстырылды. Әділқазылар алқасы мүшелерінің шақыртуымен байқауға Астана мен Алматыдан және еліміздің аймақтарынан 47 қатысушы шақырылды.

Соңғы жаңалықтар