ШҚО-да мектеп оқушылары келесі аптадан бастап дәстүрлі форматта оқиды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары келесі аптадан бастап дәстүрлі форматта оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Келесі дүйсенбіден бастап өңір бойынша барлық оқушылар дәстүрлі форматқа оралады. Осыған дейін ауруға шалдыққан балалар санының артуына байланысты қашықтан оқытуға мәжбүр болдық. Мысалы, Семей қаласында бір күнде оқушылар арасында ауру жұқтырудың 37 жағдайы тіркелген. Егер оқыту әдеттегі форматта болса, бұл сан бірнеше есе жоғары болар еді. Барлығы балаларымыздың саулығы мен амандығы үшін жасалуда», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, қазір вирустың таралу қарқыны бәсеңдеп келеді. Өйткені облыста Pfizer екпесін алған 12-18 жас аралығындағы балалар көбейген.


Соңғы жаңалықтар