ШҚО-да мектеп оқушылары «Абайтану» курсын оқиды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін барлық мектептерде 5-8 сынып оқушылары үшін «Абайтану» курсы енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай аймақ бойынша 277 мектеп пен 2 педагогикалық колледжде «Абайтану» кабинеттері ашылған. Бұл жайлы бүгінгі облыс әкімдігінің кезекті отырысында ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит айтты.

«Қаңтардың 10-ынан бастап өңірдегі жалпы білім беретін мектептерде 5-8 сынып оқушылары үшін «Абайтану» курсы енгізілді. Педагогикалық колледждердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығының 1-курс студенттері де аталмыш курсқа қатысуда. Бұдан бөлек, Семей қаласындағы 56 мектепте «Абай әлемі» клубы құрылған» - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өткізілетіндігі хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар