ШҚО-да медицина мамандарына пәтер кілттері табыс етілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі медицина саласының жас мамандарына пәтерлердің кілттерін табыс етті. Өскеменде 40-қа жуық медицина мамандарының отбасы, 32 кезекте тұрған қызметкерлер баспаналы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Даниал Ахметов медицина қызметкелерін мерекелерімен құттықтады. «Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін»,-деді облыс әкімі.

«Сіздер біздің өміріміздегі ең басты құндылық-денсаулықты қорғайсыздар. Сіздер күн сайын адамдардың жандарының қиналғандығын көре отырып, сондай жағдайлардың мүмкіндігінше аз болуына үлес қосып келесіздер. Біз медицинамыздың мықты әрі тиімді болуы үшін барлығын жасаймыз».

70 пәтерлік жатақхана 29 жасқа дейінгі жастарға арналып салынған. Ол 5 жылға жекешелендіру құқынсыз беріледі. Жалға алу құны шаршы метріне 65 теңге. Өскеменге осы уақытта 60-қа жуық медицина мамандары жетіспейді. Биылғы жылы дәрігерлер мен жас мамандарға тағы 90 пәтер бөлінеді. Бұл өз кезегінде облыс орталығында ондаған жылдардан бері қалыптасқан денсаулық сақтау саласындағы маманға деген зәрулік проблемасын жоюға ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар