ШҚО-да мәслихаттарға 174 депутат сайланады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 174 депутат сайланады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісіне, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынылуда. Ол 8 ақпан күні сағат 18.00 аяқталады. Шығыс Қазақстан облысынан Парламент Мәжілісіне – 1 депутат, облыстық мәслихатқа – 32 (16 – бірмандаттық, 16 – партиялық тізім бойынша), қалалық және аудандық мәслихаттарға – 142 (барлығы бірмандаттық) сайланады», - деді ол.

Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған органдардан сәйкестікті анықтау бойынша тиісті жауап алынғаннан кейін кандидаттарды тіркеу процедурасы басталады.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандықтардың жартысынан көбі Мәжіліс сайлауына баруға ниетті екендігін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар