ШҚО-да марал атқан екі браконьер ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында марал атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Көкпекті ауданының табиғат қорғау полициясы 31 жастағы ер адам тізгіндеген «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында салоннан марал еті мен мүйізі, 7,62 мм калибрлі «Вепр-308» карабині, 10 патроны бар магазин, пышақ пен балта табылды.

«Белгілі болғандай, азамат досымен бірге Қалба жотасына жабайы қабан аулауға барған. Алайда қабан кездеспегендіктен олар келесі күні үйге қайтуға бел буды. Бірақ қайтар жолда маралды байқап, атып алған. Содан кейін етті 9 қапқа бөлшектеп, көліктің жүк тиегішіне салды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар