ШҚО-да малшылар арасындағы жанжал адам өліміне соқтырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат -  ШҚО-да малшылар арасындағы кикілжің соңы адам өліміне әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат  Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

  Ағымдағы жылдың  мамыр айының 6-ы күні сағат 07.00-де Аягөз ауданы, Баршатас ауылдық округіне қарасты «Кеңес» шаруа қожалығының малшылары Д.Абдоллин мен А.Кенбаев алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін екеуі сөзге келіспей А.Кенбаев пештің қасында тұрған темір көсеумен досының денесіне екі рет соққы жасайды. Осыдан кейін Д.Абдоллин де А.Кенбаевқа деген жеккөрініштілік пайда болып, оны қасақана өлтіру туралы ойға келеді. Ол нан салатын ыдыстың қасында тұрған пышақты алып,  сол жақ дене тұсына жеті рет сұғады. Азамат  оқиға орнына көз жұмған. Өлгеніне көзі жеткеннен кейін, өзінің жасаған қылмысын жасыру мақсатында пышақты пешке салып өртеп жібереді.  Бұдан кейін мерт болған оның  қолына басқа пышақты  ұстатып, қағаз бетіне «Әке саған барамын» деп жазып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот отырысында  37 жастағы қылмыскер өзіне тағылған айыпты толық мойындады.  Ол ҚК-нің 99 бабының 1-ші бөлігіндегі  қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар