ШҚО-да Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы лауазымына Нұрболат Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрболат Қадырұлы 1963 жылы Шар ауданы Ақжал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, «Концерттік орындаушы», «Оқытушы» және «Құқықтану бакалавры» мамандықтарын бітірген.

1990-1998 жылдары Павлодар облыстық филармониясында концертмейстер, оркестр директоры, оркестр әртісі, С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары ретінде бастаған.

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде халық шығармашылығы және аймақтық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты заң бөлімінің бас консультанты лауазымдарында қызмет атқарған.

2006-2014 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде өнер департаменті директорының орынбасары, мәдениет және тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы болды.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

2017-2021 жылдары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тарихи-мәдени обьектілердің сақталуын қамтамасыз ету және инновациялық даму жөніндегі директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылдың маусым айынан бері «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болды.


Соңғы жаңалықтар