ШҚО-да «Қызыл ту» паром өткелі қалпына келтірілді

None
Фото: instagram.com/eastkazpolice
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Қызыл ту» паром өткелі қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, Бұқтырма су қоймасындағы «Қызыл ту» паром өткелі кестеге сәйкес жұмысын бастады.

«Бұқтырма су қоймасындағы Көкпекті және Күршім аудандары арасындағы паром өткеліндегі қозғалыс 21 наурыздан қайта ашылды. Паром таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00 дейін жұмыс істейді», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Күршім ауданы жағынан паромның шығу уақыты: 7:00, 9:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00, 19:00, ал Самар жағынан: 8:00, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00, 18:00, 20:00.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар