ШҚО-да қысқа жиналған шөптің өртенуі жиілеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шөптің өртенуі жиілеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылы әрі құрғақ ауа райы мен жұрттың немқұрайлығы шөптің отқа орануына әкеп соғуда. Мәселен, өңірдің екі ауданында тұрғындар қысқа арналған шөптерінен айырылды. Үржар ауданы Қаратұма ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында 49 тонна шөп, ал Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылындағы 3 жер үйдің ауласында 90 тонна шөп жанып кеткен.

«Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаудың ары қарай жайылуына жол бермеді», - делінген ведомство мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар