ШҚО-да қыс басталғалы бері 65 рет жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қыс мезгілінің басынан бері 65 рет жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін қар көшкінінің алдын алу шаралары «Өскемен-Самар» тасжолында жүргізілді.

«Құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары аталған тасжолдың 3учаскесінде жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Соның нәтижесінде, жалпы көлемі 2470 текше метр қар түскен», - делінген ақпаратта.

Бүгінде күн сайын көшкін жүру қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізілуде. Мамандар азаматтарға ауа райына байланысты ескертулерге назар аударып, көшкін жүруі мүмкін таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, өңір бойынша қыс басталғалы бері 65 рет жасанды жолмен қар көшкіні жүргізіліп, жалпы көлемі 62370 текше метр қар түскен.


Соңғы жаңалықтар