ШҚО-да қыс басталғалы 89 қар көшкіні түсірілді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қыс басталғалы бері 89 қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аймақта бірнеше күн бойы қар көшкіні жүру қаупі сақталуда.

«Қауіпсіздік мақсатында «Қазселденқорғау» ШҚОФ мамандары «Өскемен-Самар» тасжолында профилактикалық мақсатта 4 рет қар көшкінін жүргізді. Түскен қар массаның жалпы көлемі 5000 текше метрді құрады. Жол қызметтері бірден қарды тазарту жұмыстарын қолға алды», - делінген ақпаратта.

Қыс басынан бері Шығыс Қазақстанда жасанды жолмен 89 рет көшкін жүргізіліп, жалпы мөлшері 339460 текше метр қар түсірілген.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығын таулы жерлерге барудан бас тартуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар