+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

ШҚО-да қыс басталғалы 70 автобус жолда қалған

2020 жылғы 27 қаңтар 17:32
Бөлісіңіз:
ШҚО-да қыс басталғалы 70 автобус жолда қалған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қыс басталғалы бері 70 автобус жолда қалған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тасымалдаушы компаниялар «Сергек» айыппұлын төлемейді Елордада тәуліктің қарбалас шағында қосымша 7 қоғамдық көлік жүреді Елордада балалар үшін қоғамдық көлік картасының валидациясы міндетті болып қала бермек

Шығыс Қазақстанда биылғы қыста қалың қар мен бұрқасынның салдарынан алыс жолға шыққан автобустар сапарларын жалғастыра алмай, жолда қалуда.

«Қыс басынан бері түрлі бағыттағы 70 автобус қолайсыз ауа-райының салдарынан Аягөзде тоқтауға мәжбүр болды. Жолаушылар арнайы дайындалған орындарға жеткізілген», - деп мәлім етті ШҚО әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы рет 25 қаңтар күні сағат 20.30-да «Аягөз-Алматы» тасжолы жабылғандықтан «Семей-Мақаншы», «Семей-Барлық-Арасан», «Семей-Талдықорған» бағыттарындағы автобустар Аягөз қаласында қалып қойды.

«Олардың ішінде болған 71 адамның 8-і қонақүйге, 3-уі туыстарының үйіне қонса, қалғандары Аягөздегі спорт мектебіне орналастырылған. Жолаушылардың барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді» - делінген мәліметте.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT