ШҚО-да қыс басталғалы 101 рет қар көшкіні түсірілді

None
Фото: ШҚО ТЖД
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» Шығыс Қазақстан филиалының мамандары жасанды жолмен қар көшкінін түсірді.

«Ақсу-Талды» тасжолының маңындағы тау бөктерінде 2 жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде, 3000 текше метр қар түсірілді.

«Сарапшы-бақылаушылар жасаған көшкін қаупі туралы болжам негізінде профилактикалық көшкін жүргізілді. Бұл оқыс оқиғалардың алдын алудағы тиімді әдістердің бірі. ШҚО ТЖД қызметкерлері жарылғыш заттардың қауіпсіздігін, полицейлер жұмыстарды жүргізу кезінде тасжолда көліктердің жүруін шектеуді қамтамасыз етеді», - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Айта кетейік, қыс басталғалы бері өңір бойынша жасанды жолмен 101 рет көшкін түсірілді. Түскен қардың жалпы көлемі 387 060 текше метрді құрайды.


Соңғы жаңалықтар