ШҚО-да қыркүйектен бері 800-ге жуық адам әскерге шақыртылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқанында 800-ге жуық жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қыркүйекте басталған. Бүгінге дейін 800 шығысқазақстандық әскерге шақыртылды. Оның ішінде 40 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Ақтау қаласындағы 29011 әскери бөліміне жіберілген.

Осыған орай Өскеменде мерзімді әскери қызметшілерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Жас сарбаздарды құттықтауға туған-туыстары, сардарлар, Қарулы Күштердің ардагерлері келді.

«Әскерден кейін мен әскери училищеге түстім. Сендер де Қарулы Күштер қатарынан өз орындарыңды табасыңдар деген үміттемін. Осындай көзінде оты бар жастарды әскерге шығарып салған сайын еліміздің болашағы жарқын, қорғанысы берік болатынына сенімім арта түседі», - деді құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрметті ардагері Төкен Біләлов.


Соңғы жаңалықтар