+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да қыркүйек айынан 600-ден астам оқушы коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 26 қазан 22:40
Бөлісіңіз:
ШҚО-да қыркүйек айынан 600-ден астам оқушы коронавирус жұқтырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында биылғы оқу жылында 600-ден астам оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 1122 адам коронавирус індетінен сауықты Қазақстанда өткен тәулікте 686 адам коронавирусқа шалдыққан СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

Қазіргі уақытта облыс вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары» аймақта тұр. Ең көп сырқаттанғандар Семей және Өскемен қалаларында тіркелген. Қауіпті дерт балаларды да айналып өтпеді.

ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылының басынан бері өңірде 660 оқушы вирусқа шалдыққан. Бүгінде 586 бала сауығып, әдеттегі оқу режиміне оралды. Алайда облыстың 55 мектебіндегі 108 сынып әлі күнге дейін қашықтан оқытуда.

- Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы - вакцина алу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.​ 20 қазанда Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулысын жариялады. Соған сәйкес Pfizer Comirnaty препаратымен вакциналау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Бұл екпені 12 жастан асқан жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салу жоспарлануда, - дейді Шығыс Қазақстанның бас педиатры Гүл Құсайынова.

Оның айтуынша, балалар мен жүкті әйелдерді вакциналау осы жылдың қараша айынан басталады. Әйелдер жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін ерікті түрде екпе салдыра алады. Ал жасөспірімдерді иммундау кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер вакцина алмақ. Келесі кезеңде вакциналауға 12-ден 15 жасқа дейінгі балалар жіберіледі.

Оқушыларға екпе ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімі болған жағдайда ғана салынады. Қазіргі уақытта облыстың медициналық ұйымдарында иммундауға жататын жасөспірімдердің тізімін жасау бойынша жұмыс басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT