ШҚО-да күйеуін пышақтап тастаған әйелге қатысты іс қозғалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында күйеуін пышақтаған әйелге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха аудандық полиция бөліміне Жезкент ауылдық ауруханасына пышақпен жараланған 35 жастағы тұрғынның жеткізілгені туралы хабар түскен.

«Белгілі болғандай, үйдегі жанжалдың салдарынан әйел адам күйеуінің ішіне пышақ сұққан. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Тәртіп сақшылары 27 жастағы әйелді ұстады. Ол жауап алу барысында өз кінәсін мойындады», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар