ШҚО-да құтқарушылар жолда қалған 3 балықшыға көмектесті
2020 жылғы 20 желтоқсан 22:05

ШҚО-да құтқарушылар жолда қалған 3 балықшыға көмектесті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көлігі бұзылып жолда қалған үш балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданындағы Каменск су қоймасының маңында балықшылардың «ВАЗ 2104» маркалы автокөлігі сынып қалған.

«Олар бірден құтқарушыларды көмекке шақырды. Оқиға орнына келіп жеткен Ұлан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балықшыларды эвакуациялап, жақын маңдағы Жаңа Қанай елді мекеніне жеткізді. Содан кейін оларды туыстары басқа көлікпен Өскемен қаласына алып кеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД өңір халқына қауіпсіздік шараларын естен шығармау қажеттігін, алыс сапарға шыққан кезде «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы біліп отыруға болатындығын еске салды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT