ШҚО-да құтқарушылар жол апатында қираған көліктен екі адамды алып шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жуықта Ұлан ауданы Донское ауылында жол апаты болған. Полиция қызметкерлері апатқа түскен көліктен зардап шеккендерді шығару үшін құтқарушыларды көмекке шақырды.

«Ауыр жарақат алған екі ер адам қысылып қалмаған. Бірақ қираған көліктен шығу қиындап кеткен. Құтқарушылар оларды сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері келіп жеткенше жарақаттанған тағы екі азаматқа алғашқы көмек көрсетілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, түрлі жарақат алған барлық зардап шеккендер көп ұзамай келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар