ШҚО-да құтқарушылар тұрғындарға мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертті
2020 жылғы 12 желтоқсан 12:19

ШҚО-да құтқарушылар тұрғындарға мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 1800-ден астам өрт тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы Ринат Қондыбаевтың айтуынша, биыл өрттен 52 адам көз жұмып, 47 адам жарақат алды. Тек 7-10 желтоқсан аралығында өрт салдарынан 4 адам мерт болған.

«Қайғылы оқиға Алтай, Жарма, Глубокое аудандарында және Семей қаласында тіркелді. Өрттің негізгі себептері – пеш жабдықтары мен электр құралдарын дұрыс пайдаланбау және от жағудағы салақтық. Осы орайда алда келе жатқан мереке қарсаңында тұрғындарға пеш мұржасын уақтылы тазалап, ақауы бар электр жабдықтарын жөндеп, өрт қауіпсіздігі талаптарын ұмытпау керектігін еске салғым келеді, - деді ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT