ШҚО-да құтқарушылар мен энергетиктер аулаларды қардан тазалады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында құтқарушылар ауыл тұрғындарына қар тазалауға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы күндері қар толассыз жауып тастады. Жер-жерде қар тазалау жұмыстарына техника жетпей жатыр. Сол үшін екі қолға бір күрек алған құтқарушылар әлеуметтің әлжуаз топтарына көмекке келуде» деп хабарлады Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясының қызметкерлері Өскемен және Семей қалаларының көшелерін қардан тазартуға атсалысты.

«Біз біргеміз» акциясына қатысқан энергетиктер Өскемендегі Согра кенті мен Защита ықшам ауданында және Семейдегі Водный, Мирный көшелерінде жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты.

Еске салсақ, елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастаған болатын. Бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдады.




Соңғы жаңалықтар