ШҚО-да құтқарушылар қиын жағдайға тап болған 92 балаға көмекке келген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері құтқарушылар қиын жағдайға тап болған 92 балаға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан бері құтқарушылар балалармен болған оқыс оқиғаларға байланысты 92 рет көмекке аттанған. Көп жағдайда бұл ата-анасының қарауынсыз қалған сәбилер немесе үйдің сыртында, көшеде және су айдындарында қалып қойған балалар болды.

«Балаға кәсіби құтқарушының көмегі осындай оқыс оқиғаларда қажет болып жатады. Сонымен қатар департамент қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен қоршау торларының арасында және радиаторларда тұрып қалған, жабық пәтерде қалып қойған бүлдіршіндерді алып шығады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар