ШҚО-да құтқарушылар қатарында 6 түрлі ұлт өкілі жұмыс істейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 6 түрлі ұлт өкілі жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір жұртшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құтқарушылар қатарында 6 ұлт өкілі жұмыс істейді. Атап айтқанда, қазақ, орыс, украин, неміс, татар және грек.

Араларында екі ұлттан ортақ отбасы құрғандар да бар. Ерлі-зайыптылар екі ұлттың да құндылығы мен дәстүрін сақтап, тату-тәтті ғұмыр кешуде.

«Бұл халықтардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ олар бір үйдің баласындай. Департаменттің барлық жетістіктері - ең алдымен, көпұлтты ұжымның бірлігі мен достығының арқасы», - делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 2000-нан астам түрлі оқиғаға барды. Соның нәтижесінде, 254 адам құтқарылып, 337 азамат эвакуацияланды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алакөл маңындағы әуежай туристік маусымға дейін жөнделіп бітетінін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар