+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

ШҚО-да құтқарушылар боранда қалған ауыл тұрғындарына көмектесті

2020 жылғы 20 қаңтар 16:35
Бөлісіңіз:
ШҚО-да құтқарушылар боранда қалған ауыл тұрғындарына көмектесті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында құтқарушылар қатты соққан бораннан үйлеріне қайта алмай қалған тұрғындарға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті Бельгияда адамнан мысыққа коронавирус жұқты Алматыдағы ауруханадан коронавирус жұқтырған тағы бір азамат емделіп шықты

Соңғы күндері Шығыс Қазақстанда қардың толассыз жауып бұрқасындатқаны сонша жолдар бірінен соң бірі жабылуда. Ұлан ауданына қарасты ауылдардың бірінде орналасқан шаруа қожалығында еңбек ететін жұмысшылар азық-түлік алу үшін аудан орталығы Қасым Қайсенов кентіне аттанған. Алайда боран күшейіп, олар кері қайта алмаған. Осының салдарынан қожалықтағы мал еш қараусыз қалыпты. Мұны естіген аудан әкімінің орынбасары облыстық Төтенше жағдайлар басқармасына хабарласып көмек сұраған.

«Қар аралас боранға қарамастан құтқарушылар «ТРЭКОЛ» маркалы жол талғамайтын көлікпен шаруа қожалық жұмысшыларын ауылға жеткізіп тастады. Зардап шеккен ешкім жоқ», деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT