ШҚО-да құтқарушылар бір күнде 4 өртті сөндірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары 24 наурыз күні 4 өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше сағат 21.51-де Өскемендегі «Родничок» саяжай қауымдастығында орналасқан ферманы жалын шарпыған. Сол жерге жедел жеткен құтқарушылар іштен 2 газ баллонын шығарып үлгерді. Көп ұзамай жалпы ауданы 30 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай өшірілді.

«Бұдан бөлек, Семей қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер 5 шаршы метрге жайылған жалынды ауыздықтады. Сондай-ақ Алтай ауданындағы демалыс базаларының біріндегі үйдің төбесі өртенді. Белгілі болғандай, сонда тұрып жатқан жұмысшылардың бірінің денесін күйік шалды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – мас күйде отты абайсыз пайдалану себеп болған», - делінген хабарламада.

Көкпекті ауданы Теректі ауылының іргесінде орналасқан шаруа қожалығының аумағындағы жылыжайды өрт шықты. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 190 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды сөндірді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда отты абайсыз пайдаланудың салдарынан 169 өрт болған.


Соңғы жаңалықтар