ШҚО-да құтқарушылар арасында ұлттық киім челленджі өтті

Фото: Фото: ШҚО ТЖД
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Наурыз мейрамына орай ұлттық киім челленджі өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар қазақ халқының дәстүрлі киімдерін киіп, челлендж өткізді.

Челленджге құтқарушылар, диспетчерлер, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері, кадр қызметінің мамандары және мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары қатысты. Олар бешпент, шапан және дәстүрлі ою-өрнектері бар киімдер киді. Қыздар әдемі көйлектер мен зергерлік бұйымдармен сәнденді. Мұндағы мақсат – ұлттық киімдерді, салт-дәстүрді насихаттау.

«Наурыз мейрамы – достыққа, мейірімділік пен ынтымаққа шақырады. Бұл күні адамдар туыстары мен жақындарына қонаққа барады және бір-бірлеріне ізгі тітектерін білдіреді. Біз осы фотожоба арқылы ұлттық киімнің жоғары маңыздылығын көрсетіп, халықтың назарын аударуға тырыстық. Өйткені ұлттық киім-кешек адамның сыртқы сұлулығын ғана емес, бай-рухани әлемін, өз халқына деген сүйіспеншілігін бейнелейді,- деп атап өтті облыстық ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы Айдын Мустафин.


Соңғы жаңалықтар