ШҚО-да құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар арасында республикалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23-25 ақпан аралығында Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 19 команда қатыспақ.

Олар кедергілермен 100 метрге жүгіру, мұнараның 4-қабатының терезесіне сатымен көтерілу сынды сайыстарда бақ сынасады. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары жарысқа түседі.

«Бұл өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттыратын спорт түрі. Баспалдақтың салмағы 8,5 келі, ұзындығы 4 метр. Бірнеше секунд ішінде спортшылар оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтеріледі. Сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін жылдамдық, күш пен икемділік қажет. Ең жоғары нәтижелердің бірі 2021 жылдың жазында Қарағанды қаласында өткен әлем чемпионатында тіркелді. Спортшы Николай Буторин баспалдақпен оқу мұнарасының терезесіне 13, 3 секундта көтерілген», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, чемпионатты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ашады.


Соңғы жаңалықтар