ШҚО-да құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған жарыс тартысқа толы болды.

Чемпионаттың ашылуына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысқан. Республиканың барлық аймақтарынан 19 команда бақ сынасты. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары кедергілермен жүз метрге жүгіру, мұнараның 4-қабатының терезесіне сатымен көтерілу бойынша сайысқа түсті.

«Жарыстың сәні әйелдер командалары болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан Қостанай қаласынан келген Айнұр Бажеваның көрсеткіші талайды таңқалдырды. Алдымен Айнұр кедергілермен жүз метрді 17,36 секундта жүгіріп өтті. Содан кейін 17,21 және шешуші сәтте межені 16,97 секундта бағындырды», - делінген ақпаратта.

Қорытындылайтын болсақ, ерлер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі:

1 орын - Атырау облысы,

2 орын – Нұр-Сұлтан қаласы,

3 орын - Маңғыстау облысы.

Әйелдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі:

1 орын - Нұр-Сұлтан қаласы,

2 орын - Түркістан облысы,

3 орын - Ақмола облысы.

Жасөспірімдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі:

1 орын - Шығыс Қазақстан облысы,

2 орын - Ақтөбе облысы,

3 орын – Батыс Қазақстан облысы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты басталғандығы хабарланған. https://kaz.inform.kz/news/shko-da-kutkarushylar-arasynda-kazakstan-chempionaty-bastaldy_a3903041


Соңғы жаңалықтар