ШҚО-да құтқарушылар апатқа ұшыраған көліктен жүргізуші мен баланы шығарып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жол-көлік апатынан зардап шеккендерге көмектесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ШҚО ТЖД-ға 3 қаңтарда Өскемен-Белоусовка тасжолында жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлаған. Екі «ВАЗ» және «Киа» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан адамдар жарақат алған. Көлік апатынан зардап шеккен екі адам, жүргізуші мен 12 жасар қыз бала ВАЗ көлігінен өздігінен шыға алмай қалған.

«Оқиға орнына жеткен Белоусовка ауылының құтқарушылары көліктің алдыңғы жақта орналасқан орындығын жылжытқан. Осы уақытта оқиға орнына қосымша жедел құтқару отрядының мамандары келіп, қыз баланы көлік ішінен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Одан кейін көлік жүргізушісін шығаруға кіріскен. Арнайы құрылғының көмегімен көлік есігін ашып, орындықты қозғалтып, зардап шеккен жүргізушіні сыртқа шығарған», - делінген ШҚО ТЖД баспасөз хабарламасында.


Құтқарушылар қыс мезгілінде жол-көлік оқиғасынан сақтанудың бірден бір жолы – көлікті ұқыпты жүргізу әрі сақ болу екендігін айтты.

«Жазғы уақытта қалыпты жағдай болып көрінетін жылдамдықты қыс мезгілінде ұмыту керек. Қашықтықты сақтау қажет. Қозғалтқыш тежеңіз немесе импульсті тежегішті қолданыңыз. Екі әдісті қолдансаңыз да болады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Авторы: Руслан Шақабаев


Соңғы жаңалықтар