+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ШҚО-да құтқару операцияларына арнайы жаттыққан иттер тартылуда

2021 жылғы 10 маусым 22:44
Бөлісіңіз:
ШҚО-да құтқару операцияларына арнайы жаттыққан иттер тартылуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына жаттыққан иттер жоғалған адамдарды табуға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да үздік медицина қызметкерлері марапатталды Президент тапсырмасы: ШҚО-да жөнделген жолдар сапасына 2 мың рет тексеру жүргізілді ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 2 млн теңге жымқырған

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде құтқарушылармен бірге Барбарелли Кастелфранко, Миллениум Стар, Хит, Вильсон және Алеся лақапатты 5 ит жұмыс істейді.

«Олар күшік кезінен құтқару операцияларына дайындала бастайды. Бұл ұзақ уақытты және табандылықты қажет ететін процесс. Иттер әртүрлі төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздейді. Олар орман мен тауларда жоғалған адамдарды жылдам табуға сеп болуда. Шығыс Қазақстан көшкін және сел қаупі жоағы өңірлердің бірі екендігі белгілі. Егер тауда қандай да бір төтенше жағдай болса, онда төрт аяқты көмекшілерді пайдаланамыз», - дейді құтқарушылар.

Департаменттің кинолог-мамандары қызметтік иттерді дайындауда тәжірибесі зор. Дайындық мақсатында практикалық сабақтар да өткізіледі.

Негізінен иттердің арасында Лабрадор тұқымының орны ерек. Ол өзінің инстинктімен, адамға деген сүйіспеншілігімен, батылдығымен, ақылымен ерекшеленеді. Сондай-ақ сағатына 5 шақырым жылдамдықпен жүзе алады.

«Өңірдегі кинологиялық қызмет республика бойынша алғашқылардың бірі болып құрылды. Қазір мұндай иттер ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әрбір құтқару бөлімшесінде бар. Сондықтан жыл сайын иттер арасында жарыстар ұйымдастырылып тұрады. 2019 жылы Хит лақапатты ит республикалық додада 2 орын алған», - делінген ведомство мәліметінде.

Осы жылдың басынан бері облыстық ТЖД-ның иттері 4 іздестіру-құтқару операциясына қатысты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT