ШҚО-да курорттық аймақтарда қоқыс толып кетпес үшін бақылау күшейтілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында курорттық аймақтар қоқыс алаңына айналмас үшін ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Самат Сүлейменов айтып берді.

«Өткен жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ жасаған ғарыштық мониторинг нәтижесінде, 828 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. Осыған орай қоқыс үйінділерін жою кестесі жасалып, бекітілген. Қазіргі уақытта қала-аудан әкімдіктерімен 529 заңсыз қоқыс полигоны (64%) жойылды. Бұл бағытта өңір жұртшылығы ерекше белсенділік танытуда», - деді Самат Сүлейменов.

Оның айтуынша, заңсыз қоқыс полигондарын жою мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі WhatsApp желісінде 8775952490 Call-орталығын құрды. Кез келген азамат осында өзі куә болған қоқыс полигондарының фотосуреттері мен видеоларын жібере алады.

«Курорттық аймақтардағы қоқыс мәселесі де ерекше бақылауға алынған. Ғарыштық мониторингтің деректеріне сүйенсек, 2020 жылы Алакөл мен Шалқар көлінің курорттық аймақтарында стихиялық қоқыстар анықталған жоқ. Осы ретте, 2022 жылы республикалық бюджет есебінен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында мезгіл-мезгіл пайда болатын стихиялық қоқыс орындарына бейнебақылау камераларын орнату мәселесі қарастырылуда», - деді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы.


Соңғы жаңалықтар