+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ШҚО-да Құрбан айт мейрамы аталып өтті

2020 жылғы 31 шілде 20:30
Бөлісіңіз:
ШҚО-да Құрбан айт мейрамы аталып өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Биыл Құрбан айт мейрамы 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне түсті. Қасиетті мейрамда тұрғындарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
25 жасында бес баланы бауырына басқан жамбылдық Алтынай туралы білесіз бе Ат спортынан ұлттар кубогының финалдық кезеңі өтпейтін болды ҚХЛ: Алдағы маусымға қатысатын командалар тізімі белгілі болды

«Құрбан айт еліміздегі барша ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен ынтымаққа үндеп, татулық пен бейбітшіліктің мерекесіне айналды. Ол – өзара ізгілік пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарды дәріптейтін қасиетті мейрам. Бұл күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани кемелденуіне ерекше мән береді. Қасиетті мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Коронавирус індетіне байланысты мейрам онлайн форматта өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбандықты онлайн шалу үшін Qurban2020.kz сайтын іске қосты. Облыстағы арнайы алаңдарда сайт арқылы құрбандыққа тапсырыс берушілердің малдары таңертеннен бері сойылуда.

Құрбандық шалу рәсімі фото мен видеоға түсіріліп, тапсырыс берушілерге есеп беріледі. Бұл орындарда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Құрбан айтқа байланысты қабылдаған қаулысына сәйкес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің өкілдері мен полиция қызметкерлері базарлар мен автокөліктерді бақылауда ұстап отыр.

«Халифа Алтай» ШҚО мешітінің наиб имамы Қанат Даулбаев, құрбандыққа шалынатын малды қандай критерийлер бойынша таңдау керектігін айтып берді.

«Құрбан айт мейрамында малдың төрт түрін құрбандыққа шалуға болады. Мәселен жастан асқан қойды союға рұқсат етіледі. Сондай-ақ екі жасқа толған ірі қара мен бес жастағы түйені құрбандыққа шалуға болады, - деді Қанат Даулбаев.

Мысалы, Өскемен өңірі бойынша қазіргі сәтте құрбандық шалуға 50 тапсырыс түскен. Бұдан бөлек 200-ден астам мұқтаж отбасылар өтініш қалдырған. Қасиетті күні волонтерлер мұқтаж жандарға құрбандыққа шалынған малдың етін жеткізіп беруде. Ал Семей өңірі бойынша 106 қой мен 10 ірі қара мал құрбандық шалынып, таратылды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша құрбандық шалуға 672 адам өтініш білдірген. Оның ішінде 438-ін волонтерлер таратып берді.

ҚМДБ-ның ШҚО, Өскемен өңірі бойынша бас имамы Ермек қажы Мұхатай шығысқазақстандықтарды мейраммен құттықтап, өңір тұрғындарын адам көп жерде жиналмауға шақырды.

«Барлық қазақстандықтарға жақсылық пен амандық тілеймін. Тәңірім, шалған құрбандарыңызбен дұғаларыңызды қабыл етсін. Биыл Құрбан айт карантин жағдайында өтуде. Алайда бұл бізге жақсылық жасауға кедергі келтірмейді. Мерекелік дұға жасалмаса да, біздің азаматтар онлайн режимде құрбандық шала алады. Карантин талаптарын сақтап, үйде отырыңыздар, - деді Ермек қажы Мұхатай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT