ШҚО-да құр құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында құр құрсауында қалған 6 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 ақпанда Үржар ауданындағы «Мақаншы-Қарабұта» тасжолында «Toyota Windom» маркалы автокөлік қарға батып қалған. Оның ішінде 4 адам болды.
«Оқиға орнына бірден №54 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Олар азаматтарды эвакуациялап, жақын маңда орналасқан ауылдағы туыстарының үйіне жеткізіп тастады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар құтқарушылар жол жөнекей қар құрсауында қалған «Subaru Forester» көлігін көріп, көмекке келді. 2 адам Мақаншы ауылына жеткізілді.
Осы ретте, ТЖД мамандары тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
- Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды
- ШҚО тұрғыны полицияға 1889 жылы шыққан қаруды тапсырды
- Биыл Қарағанды облысының 1200-ден астам тұрғыны көзіне тегін операция жасатты
- Ақтөбеде соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі
-
Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
23 сәуірде елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам