+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

ШҚО-да күн сайын 13 мыңға жуық адамға вакцина салынуда

2021 жылғы 3 тамыз 23:27
Бөлісіңіз:
ШҚО-да күн сайын 13 мыңға жуық адамға вакцина салынуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала, аудан басшыларымен шағын және орта бизнес өкілдерінің «Ashyq» жобасына қатысуына байланысты жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да соңғы төрт күнде 350-ден астам адамнан коронавирус анықталды Алматыда коронавирус жұқтырған 109 бала ауруханада жатыр Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты

Бұл жайлы ол Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Кәсіпкерлердің жұмысын тұралатып алмай, халықтың да қауіпсіздігін қаперден шығармай, қалыпты өмірді қамтамасыз етудің жалғыз жолы – «Ashyq» жобасы. Осы сияқты бағдарламалар мен қосымшалар әлемнің барлық өркениетті елдерінде қолданылуда. 20-тамызға дейін қалалар мен аудандардың әкімдері кәсіпкерлермен кездесіп, «Ashyq» жобасына қаншасының қатысып жатқандығын, қалғандарының дайындығы қай деңгейде екендігін, бағдарламаға қосылуда қандай да бір кедергілер бар ма, соның бәрін анық көрсетулері тиіс», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, өңірде халықты вакцинациялаудың қарқыны жақсы. Бүгінгі таңда күніне 13 мыңға жуық адамға вакцина салынуда.

«Алдағы уақытта күніне 16 мың дозаға дейін жетеді деген жоспар бар. Біз тек осылай ғана коронавирус инфекциясының таралуын төмендетіп, жақындарымызды індеттен құтқара алатынымызды ескеруіміз керек», - деді облыс әкімі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT