ШҚО-да құдыққа түсіп кеткен 3 жасар бала көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында құдыққа түсіп кеткен 3 жасар бала қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое аудандық полиция бөліміне құдыққа құлаған 3 жасар баланың жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабар түсті.

«Ойнап жүріп жер үйдің ауласынан алыстаған бүлдіршін абайсызда құдыққа түсіп кетті. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған ол медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте полиция қызметкерлері өңір жұртшылығына кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар