ШҚО-да күдікті бесінші қабаттың балконынан секіріп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бесінші қабаттан секірген күдіктінің өліміне қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлаған 42 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігімен Аягөз аудандық ауруханасына жеткізілген. Түске қарай ол есін жимастан медициналық мекемеде көз жұмды.

«Анықталғандай, марқұм балконнан секірген пәтер аудандық полиция бөлімі қызметкерінің ата-анасына тиесілі. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша ер адамда басқа дене жарақаттары табылған жоқ», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Сонымен қатар марқұм 2-топтағы мүгедек қызды зорлау фактісі бойынша күдікті болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын арнайы комиссия тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар