ШҚО-да қуатты жер сілкінісінің қайталануы күтіліп отырған жоқ- сейсмологтар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы Шығыс Қазақстанда болған жер сілкінісі туралы толық ақпарат қашан белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта салыстырмалы түрде бақылау, детальді мәліметтерді сараптау жүргізіліп жатыр. Арнайы жедел топ құрылды. Ол топ зілзаладан кейін инфрақұрылым ғимараттарын визуалды тексеріп, халықтан жер сілкінісінің сезілуін сұрастырады. Тыңғылықты сараптамадан өткеннен кейін, 15-20 күннің ішінде болған оқиғаның толық мәліметі анықталады», - деді «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» Басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев.

Сейсмологтар тектоникалық плиталардың орналасуы әрі олардың қозғалуына байланысты Қазақстан аумағының көп бөлігі жер сілкінісіне бейім екенін айтты.

«Қазіргі уақытта негативті фаза өтті, қуатты жел сілкінісі болмауы керек. Жер сілкінісі бола салысымен, біз 15 минут ішінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов және ТЖД қызметкерлеріне ақпараттық хат жолдадық», - деді Әнуар Боранбаев.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні кешкі сағат 21-07-де алматы уақытымен ШҚО аумағында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 732 шақырым, Зайсан көлінен 38 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың қуаты 6,3 балл. 

Соңғы жаңалықтар